«Алтын Орда» онлайн және биржалық сауда-саттығымен ірі көтерме логистикалық орталыққа айналуы тиіс – Бозымбаев
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Алтын орда» базарының болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша «Алтын Орда» жақын арада онлайн және биржалық сауда-саттығымен ірі көтерме логистикалық орталыққа айналуы тиіс.
«Болмаса Іле ауданында мұның бәрін жүзеге асырғысы келетіндер бар. Егер өзге кәсіпкерлер басқаны жасауға тырысса, жер бар, біз оны бір жылдың ішінде өте тез жасаймыз», деді әкім BaitassovLive арнасына берген сұхбатында.
Әкімнің айтуынша бұған дейін облыс прокуратураның қолдауымен барлық бақылау-қадағалау органдары – СЭС, сәулеттік қадағалау, экологтар, салық қызметкерлері базарды тексерген.
"Алдын ала қорытындылар болғанмен, әзірге түпкілікті актілер жоқ. Базарда көптеген санитарлық, экологиялық, құрылыс нормалары бұзылған. Жалпы бұл жерде тиісті заңның бәрі бұзылған, ішінде миграциялық заңнама да бар", - дейді Бозымбаев.
Облыс әкімі базар үш компанияға тиесілі екенін айтты – бұл екі ЖШС және бір ЖК.
"Негізінде, олардың барлығының артында Болат Назарбаевтың отбасы тұр: ұлы, туыстары және т.б. Екі ай бұрын президенттен тәртіп орнату туралы тапсырма берілді. Өкінішке орай, біз ол жерге кіре алмадық, өйткені осы базарда схема иелік ететін және жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар ШОБ кәсіпорындары болып табылатындай етіп құрылған. Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий болғандықтан, біз біраз уақытқа тоқтап қалдық", - деді аймақ басшысы.
Ал бүгін базар саудагерлері БАҚ өкілдерін шақырып, шу шығарды. Саудагерлер базардың бұрынғы иелері салып жатқан нысаннан сатып алған сауда орындары өздеріне берілме ме деп қорқатынын айтады. Ал базардың жаңа иелері мұның бәрі бұрынғы қожайындардың істеп жатқан айласы екенінін айтады.
Айта кетейік, жақында базардың негізін қалаушы Алтынбек Әлпиевтің ұлы Данияр Әлпиев бірнеше күн бұрын үндеу жасап, президенттен «Алтын Орда» базарының аумағындағы қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін құқық қорғау органдары арқылы тоқтатуын сұраған болатын. Соған қарағанда ол базардың жаңа қожайыны.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024