Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – Алтын фьючерстерінің өсімі жалғасуда.
Investing ақпаратына сәйкес, 24 маусымда бағалы металдың құны бір троялық унция үшін 1400 доллардан асты. Сол күні COMEX алтыны 1 414,3 долларға сатылды.
28 маусымнан бастап қымбат металдың бағасы бір унция үшін 1414-1419 доллар диапазонында ауытқиды. Осылайша, бір апта ішінде алтынға баға белгіленімі шамамен 0,3-0,4%-ға өсті.
Ұлттық банктің сайтында қымбат металдың бір грамының құны 17,1 мың теңгені құрады.
Басқа металдарға келетін болсақ, мыс осы кезеңде бір фунт үшін 0,3%-ға 2,71 долларға дейін қымбаттады, ал күміс керісінше бір троялық унция үшін 0,6%-ға 15,3 долларға дейін арзандады.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Қытай 28-29 маусымда Жапонияның Осака қаласында өтетін G20 саммиті аясында екі ел басшыларының кездесуі қарсаңында сауда-саттық дауында алдын-ала келіссөз жүргізуге келісті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024