Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - Волейболшы қыз Сабина Алтынбекова өз атынан киім шығарып, оны интернет-дүкен арқылы сата бастады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Бұл мәліметті волейболшы қыздың анасы әрі менеджері Нүрипа Алтынбекова растады.
Сондай-ақ, ол киімдердің бүкіл әлем бойынша сатылымға шығатынын айтып өтті.
"Енді бұл киім-кешектер шетелдіктерге де қолжетімді болады. Онлайн сатылымды кеше ғана бастадық. Таңғы сағат бесте Жапониядан сатып алушылар болды", - дейді Нүрипа Алтынбекова.