Алматыда бүгін 2000-шы жылдары қаржылық институтта жұмыс істеген "Альянс банктің" бұрынғы топ менеджерлері қамауға алынды. Бұл туралы жұма күні Vlast.kz басылымына құқық қорғау органдарындағы бірнеше дереккөздері хабарлаған.
Олардың мәліметтері бойынша, "Альнс банктің" бұрынғы бірінші төраға орынбасарлары Алексей Агеев, Элина Решетова және құқықтық мәселелер жөніндегі банктің бұрыңғы басқарушы директоры Қайрат Бекетов ұсталған.
Қамауға алу 2000-шы жылдардағы "Альянс банктегі" қымқырулар туралы қылмыстық істерді тергеуге байланысты болды. Күдіктілер қатарында банктің тағы бірнеше бұрынғы қызметкерлері бар екендігі айтылады.
Тергеу ісі бірнеше ай жүріп жатыр, қамауға алынған менеджерлер бұған дейін бірнеше рет жауап алу үшін шақырылған деп хабарлайлы сұхбат берушілер.
Алексей Агеев Альянс банкінде 2002 мен 2007 жылдар аралығында төрағаның бірінші орынбасары болып қызмет еткен, содан соң БТА банктің украиндық үлестес бөлімінде және Еуразиялық банкте жұмыс атқарған. Ол 2009-2010 жылдары тергелген Альянс банктегі қымқырулар туралы іс бойынша куәгер болған. Соңғы бірнеше жыл Агеев банк саласынан шет кетіп, жеке бизнеспен айналысып жүрген.
Элина Решетова Альянс банкте 2009 жылға дейін жұмыс істеген, қызметінің соңғы екі жылы - төрағаның бірінші орынбасары. Содан соң БТА банктің үлестес құрылымдарында қызметте болған.
Кайрат Бекетов Альянс банкте 2002 мен 2007 жылдар аралығында еңбек еткен. 2008-2009 жылдары Еуразиялық банкте басқарма төрағасы лауазымында болған.
«Альянс банк» Қазақстанның қаржылық нарығында 2002 жылдан 2014 жылға дейін жұмыс істеген. Өткен жылдың соңында, банктің жаңа акционері Болат Өтемұратовтың шешімімен бұл банк ForteBank және Темірбанкпен біріктірілді. Біріккен құрылым атауы - ForteBank.
Ақпарат көзі: vlast.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024