Астана. 26 қазан. 7kun.kz – Ғалым Хұсайынов Банк ЦентрКредит басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Белгілі болғандай, Банк ЦентрКредит басқармадағы жоспарлы ротация аяқталды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ директорлар кеңесі Ғалым Хұсайынов басқарма төрағасы қызметінен кеткені туралы хабарлады. Ғалым Хұсайынов жұмыс барысында қаржы институтының дамуына үлкен үлес қосты. Директорлар кеңесі Ғалым Хұсайыновқа жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы жобаларында жаңа табыстар тілейді», – делінген хабарламада.
Банк басқармасының жаңа төрағасы Директорлар кеңесінің шешімі бойынша, Руслан Владимиров болып тағайындалды. Ол бұған дейін ЕСО Center Bank-те дәл осындай қызмет атқарған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024