Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Amazon компаниясы Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway холдингімен және JP Morgan Chase компаниясымен бірлесіп, АҚШ-тағы өз қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсететін компания құрады, деп хабарлайды РБК.
Bloomberg-тің айтуынша, жаңа медициналық компания тәуелсіз болады. Бұл компанияға пайда табуына, не ынталандыруына еш шектеулер қойылмайды. Медициналық көмек көрсету ақылға қонымды баға есебінен жүзеге асатын болады.
Біріккен топ өздерінің бірлескен мүмкіндіктері мен қорын денсаулық сақтау жөніндегі мәселелерге бағыттайтынын айтады.
Жаңа ұйымды құрумен Berkshire Hathaway Inc компаниясының инвестициялық менеджері Тодд Комбс, JP Morgan Chase & Co компаниясының басқарушы директоры Марвел Салливан Берхольдт және Amazon Bet Galletti аға вице-президенті айналысады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024