"Қазақтан-Америка Қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі су тасқынынан жапа шеккен қазақстандықтарға көмектесу үшін қаражат жинау науқанын ашты. Бұл кампанияға қауымдастықтың қолдауымен бастамашылық еткен АҚШ-тағы қарағандылықтар Василий Бондарчук және Елена Бродкорб.
Жинау екі әдіспен жүзеге асырылып жатыр: Paypal және gofund.me/help_karaghanda платформасы арқылы. Межелі сома 10 мың доллар деңгейінде белгіленіп отыр. Екі күн ішінде 1630 доллар жиналыпты. Барлық жиналған қаржы Қарағандыдағы Қызыл Жарты ай Қоғамының щотына аударылады.
"Қауымдастық беймемлекеттік, бейсаяси және бейкоммерциялық бірлестік ретінде әрекет етеді, басты бағыты - екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды кеңейту және америкалықтарды Қазақстанның мұрасымен және мәдениетімен таныстыру. Біз АҚШ-та тұрақты тұратын қазақстандық диспораның нығайына жәрдемдесеміз, сонымен қатар елге уақытша келген отандастарға қолдау көрсетеміз", - деп таныстырды өздерін қауымдастық мүшелері.
Ақпарат көзі: vlast.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024