Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Америкалық миллиардер KASE акцияларын сатып алуды жоспарлап отыр

Америкалық миллиардер KASE акцияларын сатып алуды жоспарлап отыр

Америкалық танымал миллиардер, әрі инвестор Джим Роджерс Қазақстан қор биржасының акцияларын (KASE) сатып алуға ниетті. Бұл туралы ол "Astana Invest-2015" инвестициялық форумында мәлімдеді деп хабарлайды LS.

Ол Қазақстанның қор нарығын инвестициялағысы келетінін атап өтті. «Мен Мәскеудің қор нарығын инвестицияладым және Қазақстан қор биржасының акцияларын сатып алғым келеді. Бірақ көпшілік назарына қаншалықты ұсынылатынын білмеймін. Бұған қатысты сұрақтар бір-екі аптадан кейін қойылу керек», - деді Д. Роджерс. Сондай-ақ, инвестор Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен транспорт саласына қызығатынын жеткізді. «Мен Қазақстанға алғаш рет 16 жыл бұрын келдім. Ол кезде қазіргідей дамымаған болатын. Мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен тасымал ісіне қызығамын. Мемлекетте түрлі мүмкіндіктер өте көп. Мен жұмысты ауыл шаруашылығы, коммуникация және транспорт саласынан бастар едім », - деп түйіндеді инвестор.

Похожие материалы