Экономика
Выбор редактора
Америкалықтарға қаржы жетіспеушілігіне байланысты лотерея ұтысы төленбей жатыр
АҚШ-та лотерея жүлдегерлерімен "бюджет дағдарысы аяқталғаннан кейін" ұтысты төлейміз деген ауызша уәделермен есептесе бастады деп жазады vestifinance.ru.
Дэнни Частин мен құрбысы Сьюзан Рик осы жылдың шілдесінде Cool Cash лотереясынан 250 мың доллар ұтып алған. Бірақ ақша әліге дейін қолдарына түспейді. Chicago Tribune басылымының мәліметінше, Иллинойс штатында 25 мың доллардан жоғары лотерея жүлделерін төлеуге мораторий жарияланған. Бұған Иллинойс штатының бюджетті нақтыламағаны себеп болып отыр. Chicago Tribune басылымына берген сұхбатында Дэнни Частин өзіне тиесілі қаржыны әлі ала алмай жүргенін айтады. Аталған жағдайды Cool Cash ұтыс ойынының өкілі Стив Росси түсіндіруге тырысты. "Бұл- муниципалды лотерея. Штаттың басқа да ведомствалары тәрізді бюджет мәселесі бізге де қатысты. Бюджет әлі қабылданбағандықтан, ірі төлемдер әлі жүргізілмейді", - деді ол. Джорджа Мейсон университетіндегі Mercatus Center зерттеу ұйымының мәліметінше, Илинойс штаты барлық америкалық штаттар арасында "фискалды денсаулығы" бойынша 50 орын иеленеді. Бұл - АҚШ-тағы төлем қабілеті, муниципалды қарызы және зейнетақы, әлеуметтік міндеттемелері бойынша ең проблемалы аймақтардың бірі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024