Америкалықтар тауар сатып алудан гөрі, саяхатқа көбірек ақша жұмсағанды жөн көреді
АҚШ. 8 қараша. 7kun.kz – Америкалықтар саяхатқа көбірек ақша жұмсап, тауар сатып алу шығындарын азайтты, деп жазады CNBC.
Ритейлерлер сауда нарығындағы қиындықтармен күресуде. Соның ішінде артық тауарлық-материалдық қорларды сату және үнемдеуге дағдыланған тұтынушыларды қызықтыру.
Кейбір ритейлерлер алдағы қиындықтар туралы ескерте бастады. Мәселен, әлемдегі ең ірі онлайн сатушы Amazon.com Inc. өткен айдың соңында инвесторларды әлсіз қаржылық болжаммен таң қалдырды, сонымен қатар жаңа қызметкерлерді жұмысқа алуды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Ал туристік сала компаниялары, соның ішінде әуе компаниялары мен брондау қызметтері, сондай-ақ концерттік залдардың, кинотеатрлардың және стадиондардың операторлары тұтынушылар тарапынан сұраныстың артқанын айтуда.
«Күшті әсер алу үшін ақша жұмсау үрдісі жалғасуда», – деді Mastercard Inc бас директоры Майкл Майбах.
Оның айтуынша, америкалықтарлдың авиакомпания қызметтеріне, мейрамханаларға және саяхаттауға жұмсалатын шығындары айтарлықтай тұрақты, ал жиһаз және үй тауарлары сияқты санаттарға жұмсалатын шығындардан бас тартылуда.
Mastercard Spending Pulse мәліметінше, қыркүйекте АҚШ авиабилеттерінің сатылымы бір жылмен салыстырғанда 56%-дан астам өсті және 2019 жылғы ұқсас аймен салыстырғанда 10,9%-ға өсті Қонақүйде тұруға сұраныс бір жылда 38%-дан астамға және 2019 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 42%-ға өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024