Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz - Америкалық Bigelow Space Operations компаниясы 2021 жылы ғарыштық туристерге арналған алғашқы қонақ үй модулдерін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Verge жазды.
Bigelow Aerospace компаниясы Budget Suites of America қонақ үй желісінің иесі Роберт Бигелоуға тиесілі. Компания 1999 жылдан бері ғарыштық техниканы дамытып келеді. 2016 жылы үрлемелі модулі Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) табысты түрде қосылды.
Ғарыштық қонақ үйлерді құрумен компанияның жаңа бөлімшесі Bigelow Space Operations (BSO) айналысады. Жоба авторларының ойына сәйкес, ұйым NASA және басқа мемлекеттердің ғарыш агенттіктерімен, сондай-ақ ғарышта өз базасын қажет ететін жеке компаниялармен ынтымақтасады.
[caption id="" align="alignnone" width="960"] Фото: Facebook/Bigelow Aerospace[/caption]BSO екі үлкен үрлемелі модулді жасап шығарады. Олар өлшемдері ХҒС мөлшерінен асатын жеке ғарыш станциясын құрастырады. Оны әртүрлі елдердің ғарышкерлері немесе ғарыштық туристер жалдай алады. Мұндай қонақ үй қоқыс пен сәулеленуге қарсы, төзімді ақ тақталармен қорғалады. Сондықтан, қонақтар қауіпсіздікте болады.
Модулде тұру үшін турист «сегіз таңбалы сома» төлейді. Бір қонақ үйде тек алты адам ғана өмір сүре алады. Ғарыштық қонақ үйлерде қызмет көрсету қандай болатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ, оның әдеттегі қонақ үйлерге ұқсас болатыны да анық емес. Бигелоу ол жақта ХҒС-дағыдай қатаң шектеулер болмайтындығына сендіреді. Атап айтқанда, ол онда ликер-арақ зауытын орналастыру жайында ойлап отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024