Бүгінде 18 қазақстандық компания 12,5 млрд долларды шетелде ұстап отыр. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Индустрияландыру күніне арналған жиында белгілі болды.
Атап айтқанда, «Теңіз Шевройл» компаниясы - 4,5 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы - 3 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз барлау мен өндіру» компаниясы - 2 млрд доллар, «Азия газ құбыры» ЖШС - 1 млрд-тан астам, «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС - 100 млн доллар, бұдан бөлек, «Шығыс Цемент», «Жайық Мұнай», Каспий құбыры консорциумы және тағы басқа компаниялар шетелде қыруар қаражатты ұстап келеді. Аталған жиында Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жатқан ақшаны қайтаруға тапсырма берді. «Неге олай істейсіздер? Қазақстанның ресурстарын сатып, ақша табасыздар? Ал табысты шетелде ұстайсыздар. Неге ол ақша осында айналып, ел экономикасына жұмыс істемейді? Жарты жылдың ішінде мемлекетке қарасты компаниялар шетелдегі қаржысын 2 млрд доллардан 6 млрд-қа дейін ұлғайтты. Сіздер нені күтіп отырсыздар?! Мен осыны түсінбеймін», - деп атап көрсетті президент.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024