Қанттың баға белгіленімі соңғы 4 жылдағы бағаның төмендеуі және соған сай өндірістің азаюына байланысты «бұқа» фазасына өтуі мүмкін деп хабарлайды Group Sopex компаниясының сарапшыларына сілтеме жасай отырып Bloomberg агенттігі.
Соңғы жиырма жылдан бері баға белгілеу динамикасын бақылап отырған экономист Джон Стенсфилдтың айтуынша 2017-2018 ауыл шаруашылығы жылдарында қант өндірісі 1,8%, яғни 183,2 млн тоннаға өсуі мүмкін. Сол себепті дәл осы кезеңде сұраныс жылына 194,7 млн тоннаға(7,9%) артуы ықтимал. Осылайша, нарықтағы ұсыныстың жетіспеушілігі 11,5 млн тоннаны құрайды. Сарапшының пікірінше, ағымдағы ауыл шаруашылығы жылдары жетіспеушілік 700 мың тонна көлемінде болады, ал сұраныс 2010-2011 ж.ж. алғашқы кезеңінен асып түседі. F.O. Licht GmbH ағымдағы жылы ірі мөлшердегі жетіспеушілік күтуде - 1,1 млн тонна. Rabobank бұл көрсеткішті 1,8 млн тонна деп бағалап, 2015 жылдың төртінші тоқсанында қанттың орташа бағасы фунтына 17,5 центті құрайды деп болжап отыр. Morgan Stanley экономистері ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айларында қант бағасы фунтына 18,2 центке дейін көтеріледі деп отыр. Kingsman SA және Green Pool Commodity Specialists Pty сарапшылары келесі жылы сұраныс ұсыныстан 5 млн тоннаға артық болады деп есептейді. Сарапшылар Қытай және Еуропада қант өндірісінің төмендеуін және оның әлемдік ірі тасымалдаушысы Бразилияда өсім болмайды деп күтуде. Нью-Йорк биржасында шикі қант фьючерстері соңғы төрт жылдағы қорытынды бойынша төмендеді, ал 5 қаңтарда белгіленім фунтына 14,07 центке жетіп, 2010 жылдың маусымынан бергі көрсеткішті жаңартты. 12 ақпанда келесім-шарт сауданы фунтына 14,91 центпен аяқтады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024