Apple компаниясы 8 наурызға жоспарланған презентацияға шақырулар тарата бастады. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
8 наурызға жоспарланған шарада алдыңғы үлгіге қарағанда бағасы жағынан арзанырақ iPhone SE желісінің жаңа нұсқасын ұсынылады деп күтілуде. Қазіргі iPhone SE шамамен 400 доллар тұрады. Болжам бойынша, жаңа смартфон 5G желісін қолдайтын болады.
В сентябре прошлого года Apple представила новый iPhone 13, новый iPad и Apple Watch Series 7. В следующем месяце компания презентовала новый Macbook Pro и обновленные беспроводные наушники AirPods.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Apple жаңа iPhone 13, iPad және Apple Watch Series 7 нұсқаларын таныстырды. Ал сол жылдың қазанында жаңа Macbook Pro және жаңартылған AirPods сымсыз құлаққаптарын ұсынды.
2021 жылы iPhone сатылымы алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 39%-ға өсті. Алайда сарапшылар 2022 жылы Apple кірісінің өсуі баяулайды деп отыр. Корпорация акцияларының бағасы биыл шамамен 9%-ға төмендеп, соңғы 12 айда құны 30%-ға өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024