Алматы. 25-қаңтар.7kun.kz — Apple компаниясы 2018 жылдың соңына дейін жаңа MacBook-ты арзан бағамен шығаруды және MacBook Pro-ға арзан балама болатын 13 дюймдік ноутбукты іске қосты, деп хабарлайды Inverse басылымы.
General Interface Solutions компаниясы MacBook үшін модульдерді 2017 жылдың соңынан бастап шығара бастады. Компания «жаңа деңгейдегі MacBook» үшін Apple-дің СК-экрандарына тапсырыс береді.
Басылымның айтуынша, 13 дюймдік жаңа модель осы жылдың екінші жартысында сатылымға шығады. 12 дюймдік MacBook бағасы бүгінгі күні 13 дюймдік MacBook Pro-ға ұқсас 1,299 долларға тең болғандықтан, компания құны арзан, 1199 доллар тұратын MacBook Air өнімінен толығымен бас тарта алады.
Apple алғаш рет 12 дюймдық MacBook-ты 2015 жылдың сәуір айында шығарған болатын. Құрылғы кішігірім MacBook Air сияқты. Ол кәсіби сериялардың қосымша күшін қажет етпейтіндерге арналған. MacBook-тың салмағы MacBook Air-ден аз.
MacBook сериясының басты кемшілігі - стандартты USB порттарының болмауы. Құрылғыны қуаттау үшін және сырттай құрылғыларға қосылу үшін пайдаланылатын бір ғана портты - USB-C-ге арналған. Пайдаланушы ноутбукты немесе қосылатын құрылғыларды қуаттауды таңдауы керек.
Сонымен қатар, жаңа MacBook Apple батырмалары басудың басқа тетігін қолданатын жаңа пернетақтадан туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі. Пернетақта ноутбукты жұқа етіп шығаруға мүмкіндік берді. Бірақ, бір кемшілігі - бетіне шаң оңай қонады. Бұл құрылғының тез бұзылуына әсер етеді. Сондай-ақ, тұтынушылардың наразылығын тудырады.
Рүстем Пердебек
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024