Экономика
Apple Asaii-дың стартапын сатып алды
Алматы. 16 қазан. 7kun.kz - Apple компаниясы пайдаланушылардың музыкалық талғамдарын талдаумен айналысатын Asaii стартапын сатып алды, деп хабарлады Axios. Axios сұхбаттастарының мәліметтері бойынша, Apple компаниясы бұл қызметке 100 млн долларға жуық қаражат жұмсады, деп жазады РБК.
«Asaii-дың алғашқы инвесторы бола отырып, біз жақында Apple компаниясының саудасына қуанып отырмыз. Apple бұл арқылы өз әсерін едәуір арттырып, болашақ музыка индустриясына өзіндік өзгеріс алып келуге мүмкіндік алып отыр», - деп мәлімдеді The House компаниясының құрылтайшысы, Asaii-дың бірінші инвесторы, Кэмерон Барадар.
Asaii сервисі 2016 жылы құрылды. Ол музыка платформаларындағы тректерді талдайды. Сервистің алгоритмдері қандай орындаушылар танымал болатынын болжауға мүмкіндік береді.