Apple компаниясы жаңа смартфондарының тұсаукесерін өткізеді. Бүгін, яғни 9 қыркүйек күні Сан-Францискодағы Bill Graham Civic Auditorium ғимаратында болады.Бұл жөнінде CNBC арнасы хабарлайды.
«Бас директор Тим Кук 2012 жылы енді жарық көретін өнімдер туралы ақпарат құпия сақталатынына бәстескенімен, кей құпиялары ашылып қалып жатады», — делінген хабарламада. Телеарнаның айтуынша, тұсаукесерде компания iPhone 6s-ты таныстырады. Осыған дейінгі шыққан модельден бар айырмашылығы - жетілдірілген камера мен қуаттырақ процессормен жабдықталады. Сарапшылар гаджет Force Touch қызметінмен жабдықталуы мүмкін деп отыр. Ол әдеттегі тач-скрин технологияларынан ерекше. Яғни, экранға қолданушы қол тигізген сәтте құрылғы күші мен түрін есепке алады. Аталған технология Apple Watch пен MacBook-те қолданылып жүр. Одан бөлек, iPhone 6s Plus таныстырылады деп күтілуде. Оның да аса айырмашылығы болмайды, тек экраны +5,5 дюймге үлкейеді деген болжам жасалып отыр. Apple компаниясы iPhone жаңа модельдерінің таныстырылымын қыркүйекте өткізуді дәстүрге айналдырған.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024