Интернет және жоғары технологиялар саласындағы төрт атақты америкалық гигант - Apple, Google, Intel и Adobe – наразылықты реттеу үшін 415 млн доллар көлемінде қаржы төлейді, деп хабарлайды BBC.
Америкалық сотқа жазылған шағымда бұл компаниялардың бір-бірінен қызметкерлерін алдап алып кетуіне жол берілмейді делінген. Шағым иелерінің айтуынша, осылайша фирмалар қызметкерлердің бұдан да жақсы жұмыс табуына кедергі келтірген. 2011 жылы сотқа түсірілген, төрт компанияның 64 мыңнан астам қызметкерлерінің атынан жазылған шағымда компаниялардан 3 млрд доллар көлемінде өтемақы төлеу талап етілген.
Өткен жылы Apple, Google, Intel және Adobe 324,5 млн доллар көлемінде өтемақы төлемекші болған, кейін бұл ұсыныс қабылданбады. Сот ұсынылған сома өте аз деген шешім шығарды.
Егер компаниялар сотта жеңілетін болса, төлем сомасы америкалық трестіге қарсы заңға сәйкес шағымда көрсетілгендей белгіленіп 9 млрд.долларға жетуі мүмкін.
Шағым компания басшыларының электронды жазбаларына негізделген. Электронды хаттардың бірінде Google-дің бұрынғы басшысы Эрик Шмидт Apple-дің экс бастығы Стив Джобсқа Apple компаниясының қызметкерін алдап, қызықтырғысы келгені үшін Google компаниясының кадр бөлімінің қызметкері жұмыстан босатылатынын жазған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024