Apple жаңа музыкалық сервис шығармақшы. Apple Music деп аталатын жаңа қызмет түрі орындаушылар үшін әлеуметтік желі болмақ деп хабарлайды 9to5Mac порталы осы саладағы дереккөздеріне сілтеме жасап.
Музыканттар әлеуметтік желіде профилдерін ашып, өздерінің жаңа туындылары, суреттері, бейнебаяндары мен концерттерінің анонсымен бөлісе алады. Өз кезегінде тыңдармандар iTunes-тегі аккаунты арқылы оларды бағалап, пікір қалдырады. Дегемен де, олардың орындаушылармен ұқсас болатындай қосымша әлеуметтік желі ашатындай мүмкіндіктері жоқ. Порталдың мәліметінше, әлеуметтік желінің маңызды ерекшелігінің бірі Artists Activity немесе "орындаушылар белсенділігі" қызметі болмақ. Әлеуметтік желі iOS-тағы Apple Musicте және Android-те қол жетімді. Apple жаңа сервисті маусымның соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Алдын-ала тұсаукесері 8 маусым күні компанияның Worldwide Developers Conference (WWDC) құрастырушыларына арналған конференцияда өтеді. Apple Music ақылы болуы мүмкін, бірақ алғашқы кезінде тегін нұсқасы шығарылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024