Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Көктемде Apple компаниясы Goldman Sachs-пен бірлесіп шығарған несие картасын тестілеуді бастайды. Бұл туралы Wall Street Journal (WSJ) жазды.
WSJ мәліметтері бойынша, жоба келесі жылы ресми түрде іске қосылады. Компаниялар Apple Wallet қолданбасында қосымша қызметтерді ұсына отырып, клиенттерді тартуды жоспарлап отыр.
Қазір Apple клиенттерінің Apple Pay төлем қызметі арқылы жасайтын әрбір транзакция үшін банктерден комиссия алады. Компания өз карталарын шығару оған көбірек табыс табуға көмектеседі деп есептейді. Сонымен қатар, Apple компаниясы сервис пайдаланушыларының санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Apple және Goldman Sachs картасы Mastercard төлем жүйесі арқылы шығарылады. Карта иелері сатып алудың көпшілігінен шамамен 2% кэшбек алады.
WSJ хабарлауынша, Apple компаниясы Goldman Sachs сияқты жаңа табыс көздерін іздейді. Оған себеп - негізгі операциялардың өсуінің тоқтап қалуы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024