Экономика
IT, Технология
Apple сағатына 200 iPhone-ды бөлшектей алатын робот жасады
Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz - Apple компаниясы бір сағатта 200 Iphone-ды бөлшектей алатын жаңа Дейзи есімді роботты таныстырды деп жазады The verge.
Бұл робот Iphone смартфондарының 9 түрін анықтап, бір сағаттың ішінде ескі смартфондардың 200 данасын бөлшектеп, утилизациялай алады. Бөлшектелеген смартфондардың материалдары жаңа iPhone-дар жасауға жіберіледі.
Дейзи - 2016 жылы шыққан Лиам есімді роботтың базасының негізінде жасалған.