Өткен жылғы көрсеткіш бойынша смартфондардың әлемдік сатылымы алғаш рет 1 млрд бірліктен асып, 1,245 млрд-ті құрады. Бұл туралы Gartner зерттеу компаниясы хабарлайды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылы смартфондар сатудан Apple көш бастап тұр. Америкалық алпауыт 74,8 млн гаджет сатса, оңтүстік кореялық бәсекелесі 73 млн құрылғы өткізді.
Samsung пен Apple нарықтық позицияларын жоғалтқан жоқ, бірақ олардың үлесі 24,7 және 15,4 пайызға төмендеді. Дегенменде Apple құрылғыларындағы экожүйе және iPhone 6 мен iPhone 6 Plus-тің пайда болуы оның сатылымына оң нәтижемен әсер еткен.
"Ал олардың соңынан ілесіп келе жатқан Lenovo мен Huawei компанияларының да нарықтық үлесі артып келеді. Бір жыл ішінде Lenovo-да 6,5, ал Huаwei-де 5,5 пайызға артқан. Олар техникалық мінездемесі бойынша сапалы құрылғылар ұсынады, осы арқылы жоғары класстағы смартфондармен бәсекелесуге дайын", - дейді Gartner компаниясының зерттеу бойынша директоры Роберта Коцца.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024