Әлем. 7 маусым. 7kun.kz - Бірнеше сенімді ақпарат берушілер Джон Проссер, LeaksApplePro, сондай-ақ, сарапшы Крис Касоның айтуынша, iPhone 14-тің құны қымбаттайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл iPhone X шыққан 2017 жылдан бергі алғаш рет бағаның өсуі. Ақпарат берушілердің айтуынша, Apple iPhone 14 mini-ден бас тартуды және жаңа iPhone 14 Max сериясындағы оң өзгерістер арқылы бағаның қымбаттауын жасыруға тырысады.
IPhone 14 Pro және Pro Max туралы көптеген мәліметтер таныстырылымнан бұрын жария болды. Олардың алдыңғы камералары өзгерген. Қазір көптеген сарапшылар экономикалық және геосаяси жағдайға байланысты болашақ модельдер 100 долларға қымбаттайды деп есептейді.
Бүкіл әлемде инфляция, компоненттерді жеткізу қиындықтары бар. Одан бөлек, Украинадағы соғысқа байланысты Apple кіріс деңгейін сақтау үшін бағаны көтереді. Сонымен қатар, 2022 жылы iPhone-дар аз сатылады деген болжамдар бар. Әрине бұл кіріске әсер етеді.
2022 жылдың соңында шығарылатын iPhone 14 модельдерінің мүмкін бағалары:
- iPhone 14 (6,1 дюйм) $799 (бағасы өзгермейді);
- iPhone 14 Max (6,7 дюйм) $899 (жаңа модель);
- iPhone 14 Pro (6,1 дюйм) $1099 (+ $100);
- iPhone 14 Pro Max (6,7 дюйм) $1199 (+ $100).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024