Apple адамдардың өмір салтына орай біріктіретін әлеуметтік желіге патент алды. Өтінішті АҚШ-тың Патенттер мен сауда маркаларын тіркеу бюросы тіркеген деп хабарлайды Lenta.ru.
Патент "Өмір салтына негізделген әлеуметтік топтар" (Lifestyle-Based Social Groups) деген атауға ие болды; патенттеуге өтініш 2013 жылдың қараша айында берілген болатын. Жүйе былайша жұмыс жасайды: құрылғы иесінің жүрген жері мен қозғалысын бақылауда ұстайды. Осы мәліметтердің негізінде әлеуметтік желі қолданушыға әлеуметтік топты құруға немесе кіруге ұсыныс тастайтын болады. Осылайша, "Әлеуметтік топтар" өмір салты ұқсас жандардың бір-бірін табуға көмектеседі. Нәтижесінде, топ мүшелері хат алмасып, кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Мәселен, құрылғы иесінің күнделікті бір уақытта қай жерде болатынын анықтай алады. Ол жер гимнастикалық зал болуы мүмкін. Осылайша, құрылғы қолданушыға жаттығулар туралы ақпараттар тауып, осыған мәндес арнайы топ құруды немесе ұқсас топқа кіруді ұсынатын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024