Apple әлемдегі ең қымбат компанияға айналды. Оған қызығып та, қызғанып та қарап жүргендер көп. Компания бұл жетістікке қалай жетті?! Компанияның бұрынғы топ-менеджері Жан-Луи Гассе мұндай жетістікке жету үшін өндірушілерге «бизнестің заңдарын» бұзуға тура келгенін айтты деп жазады BusinessInsider.
- Үлкен сандар заңы. Компания үлкейген сайын оның өсу қарқыны төмендей береді, себебі оның тауарын тұрақты қолданушыларының саны шексіздікке дейін өспейді. Десе де, Apple бұл тренд туралы естімеген сыңайлы: оның жылдық түсімі 7 %-ға ғана жоғарылағанына қарамастан, төртінші тоқсандағы пайда лезде шарықтап, өткен жылдың көрсеткішін 30 %-ға көтерді. Егер бұл жылдамдық сақталатын болса онда 2015 жылдың соңына дейін компания түсімі 37 немесе 40 миллиар доллар көлемінде болады. Бұл Google немесе Microsoft компанияларының жарты жылда табатын қаржысына тең.
- Коммодитизация заңы. Бұл заң бойыншы осы немесе өзге санаттағы өнімдер уақыт өте келе бір-біріне ұқсай бастайды, демек халық бұл брендтерге ақша төлеуді тоқататады да олардың бағасы түседі. Бір жыл бұрын ғана бұл жағдайдың Apple-ге де соқпай кетуі мүмкін емес еді, себебі премиум-брендтен артықшылық байқай қоймағандардың көпшілігі бәсекелестерден өнім ала бастады. Әйтсе де, компания бұл дәстүрге еріп, бағаны төмендеткен жоқ, керісінше жаңа смартфонды сатылымға шығарып, жағдайды өзіне бағындырды. Халық не үшін төлеу керек екенін анық ұқты. Бұл тек американдық өндірушіге ғана емес, жалпы нарыққа да әсер етті: смартфондардың орташа бағасы 50 АҚШ долларына қымбаттады.
- Нарық үлесі заңы. Бұл заңға сәйкес, нарықтық үлес әрдайым өзін «жұтып» отырады: құрастырушылар адамдар көп қолданатын платформаға сәйкес көптеген қосымшалар шығарады, қосымшаларды таңдау бұл платформаны одан әрі танымал ете түседі, бұл дегеніңіз тағы да құрастырушылар керек деген сөз,осылайша монополизациямен аяқталмайынша іс шексіздікке дейін жалғаса береді. Дегенмен бұл жерде де Apple шексіз шеңберді бұзып шыға алды. Бұл заң операциялық жүйеде 80 % қолданушысы бар Android пайдасына жұмыс жасауы керек еді, өйткені бұл жер көптеген құрастырушыларды тартып, өз-өзін асырап отыр. Алайда, Apple Android-тың орнына танымалдылығы аз iOS-ты таңдады.
- Модульділік заңы. Заң мынаны көрсетеді: ауыстыруға болатын компоненттерден тұратын өнімдер танымал болады, себебі олар арзан әрі ыңғайлы. Бұл жолы Apple тағы да басқа бағытты таңдады. Ол бұл заңға қарсы танымалдылығы PC-дан озып тұрған «бөлшектенбейтін» Mac-ты табандылықпен өндіріп жатыр.
Бұл жерде бірдеңе дұрыс емес. Әлде бұл сиқыр ма?! Қалайша тек Apple ғана жылдармен тексерілген заңдарды бұза алады?! Бұл «заңдардың» бәрін сипаттаған Жан-Луи Гассенің айтуынша, компания бұл заңдардың барына сенбейді. Компанияның ойынша бұл заңдар кәсіпкерлердің көргісі келетін ғана дүниелер болуы мүмкін, шын мәнінде бәрі одан да қиын. Сарапшының пікірінше, Apple «өз жолымен» жүргендігі үшін ғана бәсекелестерінен озып тұр.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024