Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz – Әр апта сайын елімізде маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 9-13 қаңтар аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.
Дүйсенбі, 9 қаңтарды америкалық валюта курсы 331 теңгеден бастады. Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 331,14 теңгені құрады. Ал ақша айырбастау орындарында 333 теңгеден сатылды.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Негізгі мөлшерлеме 12% деңгейінде сақталды. "Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер 13%, ал өтімділікті алу операциялары бойынша – 11% құрады", - дейді Д. Ақышев. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2017 жылғы 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 17-00-де хабарланады. Ұлттық Банк 2016 жылы базалық мөлшерлемені бірнеше рет төмендеткен.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Руслан Ерденаев пен қордың басқа да жетекшілері екі айға қамауға алынды. Оларды 2 айға қамауға алу туралы шара қолданылды. Топ-менеджерлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қор мен «Бузгул Аурум» ЖШС арасындағы облигациялық келісім-шартқа қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары кезінде ұсталған. БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдары «Бузгул Аурум» ЖШС-ның облигацияларына инвестиция салу арқылы қордан 5 млрд теңге жымқырылған деген факт анықталған.
Сейсенбі, 10 қаңтарда Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғаны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлады. «Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан», — делінген Антикоррупция қызметінің хабарламасында.
Апталық үкімет отырысы өтіп, басты даулы мәселе уақытша тіркеу талқыланды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жаңа өзгеріске деген халықтың наразылығы туралы түсіндіруді талап еткен еді. Министрлер кабинетінің басшысы заңдағы жаңа өзгерістерге «дұрыс және қажетті» деп баға берді. Бірақ ІІМ, ақпарат министрлігі және «Үкімет халық үшін» корпорациясы да ол өзгерістердің халық арасында еніп кетуін қамтамасыз ете алған жоқ. Үкімет отырысынан толық репортажды мына жерден оқи аласыздар.
Қазақстан ОПЕК пен оған мүше емес елдер арасындағы келісімге сәйкес, мұнай өндірісін қысқартты. «Қазақстан ОПЕК алдындағы өз міндеттерін орындауға кірісті. Қаңтар айынан бастап мемлекет тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 20 мың баррельге дейін қысқартты. Бұл ОПЕК отырысында болған келісім», — деп хабарлады энергетика министрлігінен. Еліміз тәуліктік норманы 20 мың баррельге дейін қысқарутға міндеттелген. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұны қалыпты деңгей деді.
Сәрсенбі, 11 қаңтарда Central Asia Monitor порталының бас редакторы және «Радиоточка» интернет-порталының директоры Бигелді Ғабдуллин кінәсін мойындады. Ал оның қорғаушысы Аманжол Мұхамедияров Астанада сотқа дейінгі тыңдалымда журналиске қатысты сот өндірісін тоқтатуды сұрады. орғаушының айтуынша, Ғабдуллин сотқа дейінгі тергеуде кінәсін мойындап, жасағандарына өкінетінін айтқан. Сонымен қатар, қылмыстың ашылуына жәрдемдесіп, жәбірленуші тарапқа келтірілген 20 миллион 625 мың теңге шығынды толығымен өтеген.
Лицензиясынан айырылған «Қазинвестбанк» АҚ-да қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары сақталғаны белгілі болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аталған банктің депозитінде шамамен 3 млрд теңгені сақтауы мүмкін. Алайда банк өздеріндегі проблеманы біле тұрып депозитті қалай орналастырғаны белгісіз. Қаражатты инвестициялау туралы шешім өткен жылдың басында қабылданған. Ал оның зейнетақы қорына қайту қайтпауы үлкен мәселе, деп хабарлады 31 арна.
Бейсенбі, 12 қаңтарда Қазақстандағы темекі бағасы қымбаттады. Бөлшек саудадағы бір қорап темекенің құны 300 теңге болды. Енді 2017 жылы темекі өнімдеріндегі акциз бағасы 1000 данасы үшін 6200 теңге көлемінде бекітілсе, 2018 жылы бұл баға 7500 теңгеге, 2019 жылы 8700 теңгеге қымбаттайды деп болжанып отыр. Ұлттық экономика министрлігінің мамандары атап өткендей, акциз деңгейін азайту арқылы Қазақстан мен Ресейдегі бағаны теңестіріп, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады.
Кептеліс кезінде Астанаға кіру ақылы болады. Жаңа өзгеріс осы жылдың мамырынан бастап енгізіледі. «Көлік кептелісі деңгейі жоғарылаған мерзімде ақылы кіру мәселесі қаралып жатыр. Мақсатымыз қалаға ақылы кіруді енгізу емес, сағат 7 мен 9:30 аралығындағы қарбалас кезеңде көлік кептелісін азайту», — дейді «Астана LRT» компаниясының транспорт жөніндегі директоры Рустам Халилев. Астана қалалық әкімдігінің жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, таңертең қарбалас уақытта қалаға 13 мың көлік кіреді.
Жұма 13 қаңтарда Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықта мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады деп көрсетілген. Аттестацияны өткізу мен оның ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік пен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды.
Уақытша тіркеу коммуналдық төлемдерге әсер етпейді. Астана қалалық ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, бүгінде уақытша тіркеу мәселесін сан-сақа жүгіртудің қажеті жоқ. Аталған шара үй салығына да, коммуналдық төлемдерге де әсер етпейді. Ал пәтерге тіркеуге тұра алмайтын азаматтар медициналық орталықтарда немесе жұмыс орындарында тіркеуден өтсе болады. Алдағы уақытта онлайн-тіркеу іске қосылуы мүмкін.
Аптаны америкалық валюта 332 теңге деген бағаммен аяқтады. Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 332,08 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындарында 13 қаңтардағы доллардың жоғары курсы Алматыда 332,06 теңгені құраған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024