Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аптаның қаржы қорытындысы

Аптаның қаржы қорытындысы
Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 11-15 сәуір аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды. Апта басы 11 сәуірді ұлттық валюта нығаюмен бастады. Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 336,48 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 339 теңгеден сатылды. Қазақстан мен Иран бизнесмендері Тегеранда өткен іскерлік кеңес отырысында  шамамен $1 млрд сомасына ынтымақтастық туралы 50 келісімге қол қойды. Қол жеткізілген келісімдердің ішінде – Иранға ауыл шаруашылығы мен машина жасаудың өнімін жеткізуге экспорттық келісімшарттар, химия және мұнай химиясы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бар. Дүниежүзілік банк Қазақстанның ЖІӨ-і 2016 жылы 0,1% көлемінде өсуі мүмкін деген болжам жасады. Дүниежүзілік банктың болжамынша, 2016 жылы инфляция деңгейі жоғары болады. Тұтыну бағалары бір жыл ішінде орта есеппен 13,7%-ға жоғарылайды. Сейсенбі 12 сәуірде, қаржы нарығында ірі кадрлық өзгерістер орын алды. Мағжан Әуезов Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығын басқаратын болды. Қазкомның экс-төрағасына екі айда Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығын дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынуды тапсырылды. Мағжан Әуезовтың орнына Қазкоммерцбанктың басқарма төрағасының уақытша қызметін атқарушы ретінде Әділ Батырбеков тағайындалды. Қазкоммерцбанктың басқарма төрағасы ретінде банктың директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцман болуы мүмкін. Ал директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне Кеңес Рақышевтың кандидатурасы ұсынылады. Сәрсенбі, 13 сәуірде ұлттық валютаға қатысты доллар курсы әлсіреуін жалғастырды. Қазақстандық қор биржасындағы доллардың орташа бағамы 333,70 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында америкалық валюта максималды 334 теңгеден сатылды. Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда шетелдік интернет-компанияларға салық салу қажет деген ұсыныс жасады.  Оның сөзінше, AliExpress, eBay, Amazon тәрізді алпауыттар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тіркелгендіктен мемлекетке салық төлемейді. Жекешелендіру бағдарламасының аясында Астанадағы “Думан” ойын-сауық орталығы 3 млрд 403 млн 500 мың теңгеге сатылды. Тендер шарты бойынша 10 жыл көлемінде балаларға және ересектерге арналған ойын-сауық түрлері жұмысын тоқтатпауы тиіс. Сауда жеңімпазы кім екендігін белгісіз. Бейсенбі, 14 сәуірде Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев коммерциялық банктер заңсыз жолмен алынған табысты заңдастырумен күрес кезінде белсенділік танытпайды деген мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, өткен жылы екінші деңгейлі 28 банктың тек 8-і ғана күмәнді операциялар туралы хабарлаған. Астана экономикалық форумына Халықаралық валюталық қордың атқарушы директоры Кристин Лагард келетіні белгілі болды. Сондай-ақ, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, америкалық экономист Джеффри Сакс, Нобель сыйлығының лауреаты Томас Сарджент, Кристофер Писсаридес, Эдвард Прескотт, ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти және басқалар келуі мүмкін. Жұма, 15 сәуірде доллардың теңгеге қатысты курсы 2 теңгеге жоғарылап, сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 334,16 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында доллардың 15 сәуірдегі максималды курсы 335,5 теңге деп белгіленді. Экономикалық зерттеулер институты Алматы облысының кәсіпкерлері жылына 148 мыңнан астам теңге көлемінде пара береді деген қорытынды шығарды. Жемқорлықтың таралу факторы бойынша Алматы облысы – 9 орында (5 %). Ал еліміздегі орташа көрсеткіш 7%-ды құрады. Ал ең парақор аймақ болып Маңғыстау облысы (20%) танылды. Одан кейін ОҚО (12%), Жамбыл мен Ақтөбе облыстары (11%) аталады.

Похожие материалы