Қырғызстан. 20 шілде. 7kun.kz – Ақмола облысы Атбасар ауданының полициясына қарт кісі хабарласып, белгісіз біреу үй ішіне еркін кіріп, 400 мың теңге және 1 185 еуроны ұрлап кеткенін хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы оқиға орнынан саусақ іздерін алып, ал ықтимал куәгерлерден жергілікті учаскелік инспектор Қанат Шамшұалиев жауап алды.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын, жәбірленушінің болашақ келіні болып шықты.
Ол қылмысын мойындады. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабының бірінші бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Айғақты заттар, яғни ақша тәркіленіп, арызданушыға қайтарылды.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





