Ақпан айында Қазақстандағы еркін айырбастамалы валютадағы салым үлесі 5%-ға қысқарды. Мұндай ақпаратты ranking.kz агенттігі келтіріп отыр. Ал халықтың ұлттық валютадағы салымы 2016 жылдың ақпан айында рекордтық көреткішке жетіп, бір ай ішінде 8%-ға артып, 1,53 трлн теңгені құрады.
ОСылайша, шетел валютасындағы депозиттер 5%-ға қысқарып, 5,44 трлн теңгеге төмендеді. Нәтижесінде теңге салымдарының үлесі қаңтар айымен салыстырғанда 22%-ға өсті. Бөлшек депозит портфелі 2,8%-ға азайып, 6,99 трлн теңгеге төмендеді.
Сондай-ақ, өлеңкелі салым портфелінің ұлғайды. Бұл біріншіден, ақпан айындағы теңгенің нығаюымен, екіншіден, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозит бойынша негізгі мөлшерлемені көтеруімен байланысты болды. Яғни теңгеге қатысты мөлшерлеме 10%-дан 14%-ға көтерілсе, шетел валютасына қатысты мөлшерлеме 3%-дан 2%-ға дейін төмендеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024