Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Ақпан айында Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) активтері 2,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы.
2019 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша ҚРҰБ-нің банктер бойынша жиынтық есебінің талдауында Цеснабанк балансындағы өзгерістер барлық банк секторындағы маңыздылығын сақтап қалды.
Айта кетейік, ЕДБ активтерінің төмендеуіне де Цеснабанктің әсер бар, негізгі теріс әсер - (-41,8%).
Сонымен қатар, жүйенің несиелік портфелі жеткілікті дәрежеде төмендегені анықталды - (-0,5%). Ал жаңа кредиттерді беру қаңтар айымен салыстырғанда 10,3%-ға артты. NPL өткен айда 8,3%-ға дейін өсті. Бұл өсім, негізінен, Цеснабанк (+ 1,8%) және Bank RBK (+ 1,5%) проблемалық несиелерді тануымен байланысты.
Есепті айда сектордың провизиялары 22,6%-ға өсті: негізінен, Цеснабанк қосымша провизияларының қалыптасуы аясында.
Цеснабанк балансында өзгерістердің ықпалы басым болған міндеттемелердің (-2,3%) және меншікті капиталдың (-4,1%) тиісті динамикасы аясында сектордың басқа активтері де төмендеді.
Сондай-ақ, кредиттік ұйымдардың ресурстық базасын қалыптастыру көздерінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан қарыздардың (-40,0%), ТҚҚ операциялары бойынша міндеттемелердің (-38,0%) төмендеуі, депозиттік портфельдің біршама азаюы (-0,5%) байқалды.
Сектордың таза шығыны 102,1 млрд теңгені құрады. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 104,7 млрд теңге болған (Цеснабанк шығыны -215,5 млрд теңге).
Ақпан айындағы негізгі трендтер:
- Ақшалай эквивалентте жаңа кредиттер беру 990,7 млрд теңгеге дейін, 10,3% - ға қысқарды;
- Кредит берудің өсуі экономиканың барлық салаларында байқалады – байланыс (3,5 есе), ауыл шаруашылығы (2,3 есе), көлік (+49%), сауда (+18%), құрылыс (+16%), өзге де салалар (+9%), ерекшелік – өнеркәсіп (-21%);
- ЕДБ активтері құрылымындағы несие қоржынының үлесі 53,2% - ға дейін өсті, бұл ретте шетел валютасындағы несиелер 19,8% - ға дейін төмендеді (2,5 трлн теңге));
- ЕДБ-дің жиынтық міндеттемелерім 507,6 млрд теңгеге (-2,3%), 21,6 трлн теңгеге дейін қысқарды;
- ЕДБ депозиттік портфелі 17,0 трлн теңге немесе қорландыру құрылымының 69,0% деңгейінде сақталып, 84,2 млрд теңгеге (-0,5%) азайғанын көрсетеді (барлық депозиттік ұйымдардағы жиынтық депозиттер ақпан айында 8,6%, 19,2-дан 17,6 трлн теңгеге дейін күрт төмендеген);
- Депозиттерді долларландыру деңгейі 43,6 белгіге дейін төмендеді;
- Сектордың жиынтық провизиялары 22,6% - ға 2,3 трлн теңгеге дейін өсті;
- ЕДБ меншікті капиталы 128,1 млрд теңгеге (-4,1%), 3,0 трлн теңгеге дейін азайды;
- Сектордың таза шығыны 102,1 млрд теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024