Ақпарат министрі ресейлік телеарналардың тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді
Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Beeline компаниясының ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мен бұл туралы хабардармын. Beeline бүгін мәлімдеме жасады. Бұл министрлікке қатысты емес, өйткені бұл Голландияда орналасқан жеке компания. Олар өз пайдаланушыларының қалауын талдайды, аудиториясын анықтайды, сондықтан жеке шешім шығарады», – деді ол.
Министрдің айтуынша, Beeline қабылдаған шешімде ешқандай саяси себеп жоқ.
«Beeline экономикалық жағдайға, аудиторияға, жарнамаға қарайды, бәлкім, басқа да себептер бар шығар. Бірақ бұған саяси негіз болды деп ойламаймын. Бұл жеке компания», – деді министр.
Ол сондай-ақ республиканың жалпы хабар тарату желісінде ресейлік арналар өшпейтінін айтты. Телеарналар ұлттық заңдарды бұзған жағдайда ғана ел аумағында хабар таратуды тоқтады.
«Егер Қазақстан заңнамасын бұзу фактілері болса, шара қолданылады. Бірақ әзірге бұл мәселе бойынша министрлікке ұсыныс түскен жоқ», – деді министр.
Айта кетейік, 5 қазаннан бастап BeeTV қосымшасы мен Beeline сайтында бірнеше ресейлік арна көрсетілмейді.
Атап айтқанда, «Дом кино», «Победа», «Музыка Первого», «Телекафе», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Россия 24», «Дом кино Premium HD», «РТР Планета», «Карусель International», «О!», «Время: далекое и близкое», «Россия К» арнасын көрсету тоқтатылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024