Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпарат министрлігі YouTube-тен "Кеосаян daily" арнасындағы заңсыз материалды жоюды сұрады

Ақпарат министрлігі YouTube-тен "Кеосаян daily"  арнасындағы заңсыз материалды жоюды сұрады

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Кеосаян daily" арнасындағы теріс қоғамдық резонанс тудыруға және ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты қамтитын заңсыз материалды жою үшін YouTube-ге youtube.com интернет-ресурсының әкімшілігінің атына ескерту хат жолданған. Бұл туралы министрліктің «Қазақстандық Медиа Желі» ҚБ атынан жолданған хатқа жауапта айтылған.

Төменде министрліктің жауапхатын ұсынамыз.

Министрлікпен жүргізілген мониторинг барысында, ағымдағы жылдың 5 мамырындағы жағдай бойынша, "Кеосаян daily" арнасында сілтеме бойынша теріс қоғамдық резонанс тудыруға және ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты қамтитын заңсыз материал анықталды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда әлемде, сондай-ақ Қазақстанда "HTTPS" шифрланған хаттамасын пайдаланатын интернет-ресурстардың нақты беттерін бұғаттаудың техникалық мүмкіндіктері "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-да да, байланыс операторларында да жоқ. Бұл -Facebook, Instagram, Twitter, Youtube, ВКонтакте, Одноклассники және т. б. секілді барлық танымал әлеуметтік желілерге де қатысты.

Іс жүзінде бұл бүкіл ресурсты бұғаттауға әкеледі. Әрине, бұл бүкіл ресурс заңсыз мазмұнды тарату үшін бағытталған кезде ақталады.

Алайда, көптеген жағдайларда бұл бейне, аудио, графикалық мазмұны бар танымал онлайн-платформаларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілердің интернет-ресурстарын және т. б. бұғаттауға әкеледі.

Осыған байланысты, құқыққа қайшы контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жасау үшін уәкілетті орган заңсыз материалдарды жедел жою үшін әлеуметтік желілер әкімшіліктерімен пәрменді өзара іс-қимылды жолға қою жөнінде шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, YouTube – бұл пайдаланушыларға бейнелерді сақтау, жеткізу және көрсету қызметтерін ұсынатын әлемдегі ең танымал видео хостинг екенін атап өткен жөн. Демек, бейнематериалдарды жою немесе шектеу мәселелерінде ресурс әкімшілігі YouTube қауымдастығының ішкі ережелерін басшылыққа алады.

Осыған байланысты, Министрлікпен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын заңсыз материалды алып тастау талабымен бұрын youtube.com интернет-ресурсының әкімшілігінің атына ескерту хат жолданған.

Алайда министрлік «Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігіне және Роскомнадзорға жоғарыда аталған материалды алып тастауды талап етіп жүгінуді орынсыз деп санаймыз», дейді.

Айта кетейік, бұл жауап Кеосаян ның бірінші мәлімдемесіне қатысты. Бүгін ол Қазақстанға қаратып тағы да пікір білдірді.

Похожие материалы