Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Jýsan Bank те Ұлттық Банк бастамашы болған активтер сапасын тәуелсіз бағалауды (AQR) сәтті аяқтағаны туралы хабарлады.
«AQR қорытындысы бойынша Jýsan Bank жоғары активтер сапасы мен барлық қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай келетінін растады», делінген банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Активтер сапасының тексерілімінің сәтті өтуі, бірінші кезекте, жоғары деңгейдегі меншікті капиталдың жеткіліктілігіне негізделген. Ұлттық Банктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанына Jýsan Bank-тің меншікті капиталы 344 млрд теңгені құрады – бұл көлемі бойынша қазақстандық банктердің арасындағы екінші көрсеткіш. Банктің меншікті капитал мөлшері алдыңғы бастамаларды, сондай-ақ жаңа даму стратегиясын жүзеге асыру мен кез келген ықтимал тәуекелді алдын-ала болдырмауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы ағымдағы өтімділік коэффициенті (K4) – 7,133 құрады, белгіленген реттеуіштің минималды талаптарын 23 есе арттырады.
"Jýsan Bank-тің клиенттерін құттықтаймыз – біз барлығымыз AQR бағалау нәтижелеріне өте ризамыз. Онда банк пруденциалдық нормативтерді іске асырып, активтер сапасын барабар бағалайды, оның ішінде кредиттік портфель де бар. Өткен тәжірибені ескере отырып, біз қайта өңделген барлық рәсімдер мен саясаттың консервативті тәсілдерін кредиттеуде қолданамыз. Біздің клиенттеріміз банктің тұрақтылығы мен тиімділігіне толығымен сенімді бола алады", - деді AQR нәтижесі туралы пікір білдірген Jýsan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.
Анықтама үшін:
Asset Quality Review (AQR) - банк секторындағы активтердің сапасын
тәуелсіз бағалау. Шараны ҚР Ұлттық Банкі халықаралық консультанттар мен
аудиторлық компаниялардың қатысуымен өткізді. Активтердің сапасын тәуелсіз бағалаудан 14 ірі қазақстандық банк өтті, оның ішінде сектор активтерінің көлемі 87%
құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024