Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторы активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижесіне арналған баспасөз мәслихаты өтуде. Толық есеп бүгін 17:00-де Агенттіктің сайтында жарияланады.
Ұлттық банк таратқан мәліметке сүйенсек, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша АСБ нәтижелері жүйелік деңгейде, сол сияқты АСБ-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде де капитал тапшылығының жоқ екенін растайды. AQR қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ.
АСБ-ға дейінгі ~105%-бен салыстырғанда АСБ түзетулерін ескере отырып шоғырландырылған деңгейде k1 капиталының реттеушілік минимумға қатысты артуы ~70%-ды құрайды. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірде АСБ нәтижелері бойынша капитал қоры жүйелік деңгейде шамамен 800 млрд теңге болды. Орташа алғанда банктер бойынша капитал жеткіліктілігінің коэффициенті тәуекел бойынша сараланған активтер сомасының шамамен 13%-ын, ал ҚҰБ нормативі 7,5%-ды құрайды.
Осыған ұқсас АСБ нәтижелері бойынша k2 пруденциялық капиталының жүйелік деңгейдегі қоры тәуекелдерді пруденциялық тұрғыдан толық өтеуге жеткілікті.
Ұлттық Банктің қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде капиталды толықтыру және тәуекелдерді шектеу міндеттемелерін қабылдаған банктер бойынша активтерді қорғаудың қосымша құралы айқындалды. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қажетті шешімдері қабылданды және әрбір қатысушы банкпен жасалған тиісті келісімдерге барлық тараптар қол қойды. Бағдарлама банк акционерлерінің міндетті түрде қатысуымен өтеусіз және ақылы негізде іске асырылады.
АСБ іске асырылған уақытта аталған банктердің жаңа кепілдер қабылдау, проблемалық қарыздардың бір бөлігін өтеу, провизиялар мен есептен шығару арқылы шығындарды көрсету бөлігінде активтердің сапасын жақсарту бойынша елеулі жұмыс жүргізгенін ескере отырып шешімдер қабылданды. Бұл ретте банктер мен олардың акционерлері бағдарламаның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде оларды Бағдарламадан тез арада шығаруға ынталандыратын қатаң міндеттемелер қабылдады.
АСБ нәтижелері бойынша процестердің, деректердің, саясаттар мен банктер рәсімдерінің сапасын жақсарту бағыттары айқындалды. Ұсыныстар мен түзету іс-шараларын толық орындау банк салымшыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, тәуекелдердің жинақталуын болдырмайды және қаржы жүйесінің ішкі және сыртқы күтпеген өзгерістерге орнықтылығын арттырады.
Банктер үшін түзету шараларының негізгі қағидаттары анықталды және қазіргі кезде банктің іс-шаралар жоспарында аталған шараларды қолданыстағы саясаттар мен рәсімдерде жан-жақты көрсету үшін нақтылануда. Бұл жұмыс 2020 жылғы наурыздың соңына дейін аяқталады.
АСБ қатысушы банктер бойынша АСБ нәтижелері туралы қорытынды есеп 2020 жылғы 28 ақпанда сағат 17-00-де Агенттіктің сайтында жарияланады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024