Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — АҚШ-та ауаны ластанудан тазартатын механикалық ағаштар пайда болды. Бұл Аризона университеті мен Silicon Kingdom Holdings компаниясының бірлескен әзірлемесі.
Технология ауаның механикалық сорусыз атмосферада көміртекті ұстап тұрады, яғни энергияны көп қажет ететін құрылғыларды пайдаланбайды.
Ағаштар жел ағындарын сүзеді, көміртек молекулаларын ұстап, оны қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Технология CO2 ұстаудың ең арзан әдісін ұсынады — тоннасына 100 доллардан кем. Сондай-ақ, ағаштар 12 діңнен кластерлер енгізуді жоспарлап отыр. Жүйені эксперименталдық фермада тестілейді.
Ғалымдар көміртекті қайта пайдалану жаһандық жылынуға және қоршаған ортаның ластануына қарсы күреске көмектеседі деп санайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайда биіктігі 100 м мұнара түріндегі әлемдегі ең ірі ауа тазартқышы салынған. Ол күн энергиясымен жұмыс істейді. Бірнеше ай ішінде құрылыс он шақырым радиуста ауадағы ұсақ бөлшектердің мөлшерін 15%-ға төмендетті. Мұнара күн сайын 10 млн текше метр ауаны өңдейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024