АҚШ. 28 сәуір. 7kun.kz – Қаржы азық-түлікпен аз қамтылған елдерге жіберіледі, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сәрсенбіде АҚШ әкімшілігі азық-түлікпен аз қамтасыз етілген елдерге жаһандық көмек ретінде 670 миллион доллар бөлетінін хабарлады.
«Әлем азық-түлік тапшылығының рекордтық деңгейінен зардап шегуде», – делінген АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хабарламасында.
АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге халықаралық даму агенттігі де (USAID) қаражат бөлетіні атап өтілді.
Құжатта USAID Билл Эмерсон гуманитарлық қорынан Эфиопия, Кения, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан және Йемендегі төтенше азық-түлік операцияларын қаржыландыруға 282 миллион доллар жұмсайтыны айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан көмекті тасымалдауға және басқа да шығындарға 388 миллион доллар бөледі.
Билл Эмерсон гуманитарлық қоры – USAID-ке азық-түлік дағдарыстарына жауап беруге мүмкіндік беретін арнайы басқарма. АҚШ бұл қорды 2014 жылдан бері алғаш рет пайдаланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024