АҚШ-тың қаржы министрлігі Иранға қарсы жаңа санкция енгізгенін жариялады. Бұл туралы қаржы министрлігінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады РБК.
Америка санкциясына ілінгендердің арасында 11 компания мен ирандық баллистикалық ракетасын сынаушы бағдарламасымен айналысатын жеке тұлғалар бар. Санкция осы аталған компаниялар мен жеке тұлғалардың кез келген қаржылық жүйесіне шектеу қойып отыр. Олардың АҚШ банктеріндегі активтері мен жеке меншіктеріне тыйым салынды.
Санкция тізімінде ирандық кәсіпорындармен қоса Гонконгтағы Anhui Land Group Сo. Limited компаниясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің Candid General Trading LLC және Mabrooka Trading Co LLC компаниясы енгізілген.
«Ирандағы баллистикалық ракеталарды сынау бағдарламасы әлем үшін үлкен қауіп төндіреді. Иран халықаралық санкция тізімінде бола береді", - деді қаржы министрлігінің өкілі Адам Шубин.
Сондай-ақ, АҚШ Президенті Барак Обама 17 қаңтар күні Иранның ракеталық бағдарламасына қатысты санкция барынша күшейтілетіні туралы мәлімдеді.
Фото: novoye-vremya.com
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024