Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ Қазақстандағы Альфа-Банкіне санкциялар енгізді

АҚШ Қазақстандағы Альфа-Банкіне санкциялар енгізді

Альфа-Банк Қазақстан АҚШ санкциялық тізіміне енгізілгендіктен 7 сәуірден бастап Alfa Smart сервисі арқылы жеке тұлғалар үшін сатып алулар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қолжетімділігіне әсер етпейді. Банк депозиттер бойынша барлық міндеттемелерді орындап жатыр: яғни, сыйақыны есептейді және төлейді, клиенттердің шоттарынан ақшаны береді. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерімізді орындау үшін өтімділік пен меншікті капиталдың жеткілікті қоры бар», – делінген банк хабарламасында.

Сондай-ақ, қазір Альфа-Банктің келесі сервистері қолжетімсіз:

- жеке және заңды тұлғалар үшін АҚШ долларымен және еуромен аударымдар тоқтатылды. Клиенттер банкоматтардан қолма-қол ақша шешіп ала алады, ХҚЖ-ға қатысушы банктерге телефон нөмірі бойынша мобильді қосымшада ақшаны теңгемен аудара алады және тәулік лимиті шегінде басқа банктерге шот деректемелерін бере алады.

- валюта айырбастау уақытша тоқтатылды.

- жеке және заңды тұлғаларға арналған банкоматтар мен пос-терминалдардың жеке желісінен тыс Visa және MasterCard карталарының жұмысы тоқтатылды. Карталарды Альфа-Банк банкоматтарында қолдануға болады. Қазір шетелде жүрген клиенттер қолма-қол ақша шеше алады немесе басқа банктің карталарымен төлей алады.

– жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алуға және аударуға лимиттер уақытша енгізілді

– бір клиентке тәулігіне 500 000 тг (немесе басқа баламалы валютада). Банкоматтардан қолма-қол ақша алудың ең жоғары лимиті

– бір клиентке тәулігіне 400 000 тг. Мобильді қосымшадағы операцияның ең жоғары лимиті – бір клиентке тәулігіне 100 000 тг. Шектеу кез келген операцияларға қатысты болады. Банк бөлімшесінің кассаларында қолма-қол ақша беру уақытша тоқтатылды. Бұл шектеулер ҚР Ұлттық банкінің Альфа-Банкті қолма-қол ақшамен қолдау жөніндегі мәселені шешкенге дейін әрекет ететін болады.

– жеке және заңды тұлғаларға несие беру уақытша тоқтатылды. Ағымдағы жеке тұлға-клиенттері үшін пайыздық мөлшерлемелер және несие шартының қолданыстағы шарттары өзгермейді. Несиені банк бөлімшелерінде, БҚШ карталары, Альфа, Халық Банк төлем терминалдары, QIWI-терминалдар, Касса-24, Қазпошта және Киберплат арқылы өтеуге болады. Несиелерді картадан картаға өтеу уақытша тоқтатылды.

 – Альфа-Банктен басқа банктердің карталарымен заңды тұлғалар үшін POS-терминалдарда төлемдерді қабылдау тоқтатылды.

– заңды тұлға-клиенттер үшін эквайрингте және онлайн-сатуда төлемдер уақытша тоқтатылды.

Банктің қалған сервистері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Банк өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Альфа-Банк Қазақстан командасы клиенттердің ағымдағы мәселелерін жедел шешуге тырысып жатыр.

Похожие материалы