Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ Қазақстанға шетелге заңсыз шығарылған активтерін қайтаруға көмектеседі

АҚШ Қазақстанға шетелге заңсыз шығарылған активтерін қайтаруға көмектеседі

АҚШ. 19 шілде. 7kun.kz – АҚШ-та Қазақстан Бас прокуратурасы делегациясының АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФБР және Дүниежүзілік банк өкілдерімен жұмыс кездесулері өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Тараптар нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ сұраныстарды электронды форматта беру, киберқылмыспен күресу саласында тәжірибе алмасу және сотталғандарды экстрадициялау және елге беру туралы келісімдер жасалды.

АҚШ Әділет министрлігі қазақстандық тарапқа АҚШ-тан Қазақстанға қылмыстық активтерді табу және қайтару бойынша көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.

Сонымен қатар Қазақстан делегациясы ұрланған активтерді қайтарумен айналысатын Дүниежүзілік банктің StAR Initiative жобасының өкілдерімен кездесті. Онда Қазақстанның шетелде, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға тәркіленген қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтару жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсету, ынтымақтастықтың осы бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның негізгі мақсаты – елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару.

18 шілдеде комиссия бірінші айдағы қызметінің қорытындылары туралы хабарлады. Ол бойынша ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пара түрінде алып, шетелге шығарған 3 миллиард доллар мемлекет қазынасына қайтарылды. Алматының экс-әкімі, елден қашып кеткен Виктор Храпуновқа тиесілі Шығыс Қазақстан облысындағы сегіз жер учаскесі бойынша атқарушылық іс қозғады. Олар мемлекет меншігіне қайтарылады. Сондай-ақ Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ-на 11,3 млрд теңге қайтарылды. «Қазфосфат» ЖШС үстінен 697 млн ​​теңге көлемінде монополиялық кіріс алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тәркіленген 5,5 миллион доллар Ұлттық банкке жіберіледі. Ал Тоқтар Төлешовке тиесілі балабақша мен профилакторий қайтарылады.

Похожие материалы