АҚШ президенті Джо Байден Ресейге долларлық купюраларды жеткізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Байден Ресейге долларлық купюраларды кез келген басқа жолмен сатуға немесе жеткізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлады американдық Ақ үй.
"АҚШ-тан немесе американдық жеке тұлғалардың, олар қайда болса да, Ресей Федерациясының басшылығына немесе Ресей Федерациясында орналасқан кез келген тұлғаға тікелей немесе жанама түрде долларлық купюраларды экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуге тыйым салады", – деп жазылған жарлықта.