БТА Банк, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде АҚШ-та Мұхтар Әбілязов пен В.Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған ондаған миллион доллар оқшауландырылды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2014 жылдың мамыр айында Алматы қаласының құзіретті өкілдері АҚШ-тағы Калифорния штатының сотына В.Храпуновқа және онымен аффилиирленген тұлғаларға қарсы талап-арыздарын берді. Іс жүргізу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен өткізілді. АҚШ-тағы сот талқылау барысындағы міндетті ақпаратты ашып көрсету нәтижесінде Қазақстаннан ұрлаған және алып шығарған активтер айқындалды.
Қылмыстық қудалаудан және олар ұрлаған ақшаның тәркіленуінен қауіптеніп, М.Әбілязов пен В. Храпунов АҚШ юрисдикциясынан активтерін жедел әкету мақсатымен мүліктерін сата бастаған.
Атап айтқанда, Нью-Йорктегі отельді апартаменттерге реконструкциялау бойынша жобадағы үлес едәуір төмендетілген. Салынған 40 млн доллардың орнына Әбілязов пен Храпунов өз үлесін 21 млн долларды сатуға әрекет жасады. Алайда девелопер мен олардың арасында сот дауы басталды.
БТА Банк, Алматы әкімдігі және Әділет министрлігі іске араласты және 21 млн доллар қаражаттардың табыстауын оқшауландырды. Қазіргі кезде АҚШ-тың Нью-Йорк штатының сотында және федералды сотында оқшауландырылған ақша қаражаттарын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024