Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — АҚШ-та оқыс оқиғадан қаза тапқан 37 жасар Асқарбай Қанаттың денесін елге жеткізі үшін көмек қажет. Бұл туралы facebook-тегі KazCommunity USA тобында жазды.
"Құрметті достар, бізде өте жаман жаңалық бар. Себебі, 2019 жылдың 26 маусымында АҚШ, Огайо штатында қайғылы оқиға орын алып, 37 жасар отандасымыз Асқарбай Қанат қаза тапты. Осыған байланысты, біз оның денесін Қазақстанның Қызылорда қаласына жіберуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ, ол жалға алған автокөлік иесіне келтірілген залалды өтеу керек. Қалған ақша оның отбасына жіберіледі", - делінген жазбада.
Айта кетейік, Асқарбай Қанат - 1981 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Үйленген, төрт баланың әкесі. Америкаға турист ретінде барған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024