Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Украинаға Ресейдің әскери шабуылы басталғалы әлемде энергетикалық дағдарыс туындады. Энергия көздері күрт қымбаттауда. Әсіресе бұл жағдай Еуропада қатты байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Франция билігі тұрғындарды тұрмыстық техниканы пайдалануды шектеуге шақыруда. Жапондар да осыған көшті. Ал АҚШ тіпті энергетикалық дағдарысқа байланысты төтенше жағдай жариялады. Климаттың өзгерісі АҚШ-та анық байқалады. Елдің бірнеше штатын қуаңшылық жайлады.
Сөйтіп экологиялық проблемалар энергетикалық дағдарысқа ұласты. Құрғақшылық салдарынан кейбір штатта электр энергиясының тапшылығы анық байқалып жатыр. Болжам бойынша алдағы уақытта ахуалдың одан бетер ушығатын түрі бар. АҚШ Президенті амалы қалмаған соң елде төтенше жағдай жариялады. Ал энергияны күн көзінен алуға күш салып жатыр. Алдағы жоспар да ауқымды. Тіпті, 2022 және 2023 жылдары елде өндірілетін электр энергиясының жартысынан астамын күн батареялары арқылы алу көзделген. Енді Ақ үй басшысының бұйрығымен алдағы 2 жылда Камбоджа, Таиланд, Малайзия мен Вьетнамнан импортталатын тиісті элементтер мен модульдерден баж салығы да алынбайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024