Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тың ең көне ритейлерлерінің бірі банкрот болды

АҚШ-тың ең көне ритейлерлерінің бірі банкрот болды
Алматы. 15 қазан. 7kun.kz - Sears Holdings өз міндеттемелері бойынша 134 млн доллар төлей алмады. Жалпы қарыз 5,6 млрд долларға жетті, деп жазады vestifinance.ru Бірнеше жыл бойы АҚШ -тың көне ритейлерлерінің бірі — Sears Holdings-түрлі қаржылық маневрлер, сондай-ақ миллиардер  Эдди Лэмперттің көмегімен жақсы жұмыс жасап жатқан, дегенмен, 125 жылдық тарихы бар компания банкроттық туралы мәлімдеді. Бұл жағдай Лэмперт Sears компаниясы мен «Kmart-ты»біріктіріп, 10 жылдан астам уақыт өткеннен кейін орын алып жатыр.  Бұл  дискаунтерлерді біріктіру арқылы  күшті құрылым жасамақ болған. Лэмперт бірқатар активтерден құтылып, компанияның қарыздарын өтеу үшін, жылжымайтын мүлікті оқшауланған бөлімшелерге шығарғаннан кейін жағдай шиеленісіп кетті. Холдингтің ешқандай пайда әкелмей отырған 700-ге жуық дүкендері бар. Көп адамның Sears-қа сенімі жоғалған.

Похожие материалы