Ақтау. 14 тамыз. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде Ақтау тас жолында автокөліктің жарылыс сәті түскен видео таралуда, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жергілікті «Лада» порталы жазуынша, оқыс оқиға Ақтау – Жетібай тас жолының 35 километрінде болған.
«1995 жылы шығарылған Nissan Maxima автомобилінің өртенгені туралы ақпарат өрт сөндіру бөліміне 12 тамызда сағат 20:23-те келіп түсті», - деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметіндегілер
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 20:58-де сөндірілді.
Өрт сөндіруге бір техника мен жеке құрамнан бес өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт себептері анықталуда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024