Ақтау. 15 қараша. 7kun.kz – Түнгі клубта атыс болып, жас жігіттің басына оқ тиген, тағы бір бір адам жараланған, деп хабарлайды 7kun.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап.
Бақылау камераларына түсіп қалған видеода бір топ ер азаматтың екі адамды соққыға жыққанын байқауға болады. Сондай-ақ сыртқа шықаннан кейін біреуінің оқ атқанын байқауға болады.
Белгілі болғандай, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі жас жігіт жеткізілген. Біреуінің басына оқ тиген. Ол әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр.
Полицейлер түнгі клубта оқ атқандарды ұстады. Алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігінің 9-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024