Ақтау. 19 қазан. 7kun.kz – Ақтаулық егіздер Қасым мен Жомарт президенттен хат алды. Бұл отбасы үшін күтпеген сый болған, деп хабарлайды 7kun.kz.
2009 жылы дүниеге келген егіздерге есімдердін әжесі қойған. Әжесінің айтуынша, ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы үшін маңызды қызметтер атқарған.
Қазір ұлдар мамандандырылған физика-математика лицейінің сегізінші сыныбында оқиды. Айтуларынша, сыныптастары мен достары оларды президент» деп атайды екен.
Маңғыстау медиасының хабарлауынша, Мемлекет басшысының жолдаған хатында егіздер туралы президенттің жақында ғана білгені айтылған. Президент балаларға елге адал қызмет етіп, биік белестерді бағындыратын азамат болып өсулерін тіледі.
«Еліміздің болашағы жастарда. Сондықтан ақылды, зерделі, білімді болып өсу керек. Бұл үлкен жауапкершілік. Мен өз Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Өмірде биік белестерді бағындыруыңа тілектеспін!», – – делінген хатта.
Егіздер болашақта дипломат болуды мақсат етіп қойған.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт есімі тек 2019 жылдан кейін ғана танымал бола бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024