Ақылы жолдың құны қанша?
[caption id="attachment_98573" align="aligncenter" width="300"] Фото: 24.kz[/caption] Елімізде алғашқы ақылы жүйе Астана – Щучье бағытындағы тасжолға енгізілген болатын. Осы жол алғашқы жылы миллиард теңге көлемінде пайда тапса, биыл 1,2-1,3 млрд теңге көлемінде кіріс әкеледі деген жоспар бар.Сонымен бірге І дәрежелі Астана – Петропавл жолы да ақылы негізде пайдаланылады. Жолдарды ақылы ету мақсатында 2015 жылы “Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы” Заң қабылданған болатын. Заң бойынша жолдың бір бағыты үшін бекітілген төлем құны төмендегідей:- жеңіл автокөлік (егер жергілікті транспорт болса) – 100 теңге;
- жеңіл автокөлік (транзит) – 200 теңге;
- 16 орындық автобус пен 1,5-2 тоннаға дейін жүк көтере алатын екі осьті жүк көлігі – 1000 теңге;
- 32 орындық автобус пен 5,5 тоннаға дейін жүк көтере алатын екі осьті жүк көлігі – 2100 теңге;
- 32 орындықтан көп автобус пен 10 тоннаға дейін жүк көтере алатын екі осьті жүк көлігі – 3100 теңге;
- 10-15 тоннаға дейін жүк көтере алатын үш осьті жүк көлігі – 4200 теңге;
- 15 тоннадан артық жүк көтере алатын жүк көлігі – 5200 теңге.
Төлемақы қалай жасалады?
[caption id="attachment_98571" align="aligncenter" width="300"] Фото: M24.ru[/caption] Қазақстандағы ақылы автомагистральда гибрид жүйе қолданылады. Қалааралық жолдарды пайдаланатын автомобильдер үшін төлем Астана және Щучье қалаларына жақын аймақтарда жүргізіледі. Ақылы жолды пайдалану үшін төлемақыны бақылау аркалары есептейді. Әзірге ақылы жолда бес төлем аймағы бар.Ақыны түрлі тәсілмен өтеуге болады. Бұл жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жасалған. Ақылы жол үшін төлемді:- Қағаз ақшамен;
- Тиын ақшамен;
- Банк карталарымен;
- NFC технологиясының көмегімен (NFC технологиясын қолдайтын банктік карта, мұнда пин код енгізусіз төлем жүргізуге мүмкіндік бар);
- Qiwi және “Касса 24” терминалы арқылы (КҚ нөмірлік белгісіне баланс толықтыру);
- Абонент төлемақысы көмегімен жасауға болады.
Не үшін ақы төлейміз?
Ақылы автомобиль жолын жасау – автомагистраль, көпір және туннельдердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қаржыландырып, пайдаланудың сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етудің тиімді тәсілі.Ақылы жолдардың салынуы еліміздің қазынасынан жолды күтіп ұстауға бөлінетін шығынды азайтады. Келешекте еліміздің ақылы автожолдарының қатары көбейеді.Қазақстандағы ақылы автомагистральдардан жиналған қаражат:- автомагистральдің өз шығынын өзі өтеуіне;
- бюджетке жүктемені азайтуға;
- сервисті дамытуға;
- автомагистральдің сапасын көтеруге жұмсалады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024