Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев халыққа арналған автонесиелеу бағдарламасын ұсынды.
Оның айтуынша, қаржылық реттеуші биыл отандық автокөліктерді сатуға арналған бағдарламаны жедел әзірлеп, қаржыландыруға дайын.
«Бағдарлама нарықтық принциптермен жұмыс істейтін болады. Яғни, бағдарламаға банктер тартылады. Оған «7-20-25» бағдарламасының механизмдері мен базасын пайдалануға болады. Неге автомобиль өнеркәсібі? Автокөлік құрастыру көп капиталды қажет ететін сала. Ол экономикаға үлкен әсер береді», – деді Данияр Ақышев.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024