Қазақстан. 31 мамыр. 7kun.kz – Бүгін Қытайдың Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқаны туралы ақпарат тарады. Оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовтің айтуынша, қазір бұл ақпараттың өзектілігі жоқ, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды.
«БАҚ-та жарияланған ақпарат 2021 жылғы, қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтқан», – деп жазды адвокат.
Сонымен қатар, ол Ақжарқынды елге қайтарудың алгоритмін айтты. Ол үшін қыздың ісі Қытайда қайта қаралуы керек. Ал Ақжарқын уақытынан бұрын босау құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.
«Жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырудан - бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы, екіншіден ҚР Бас прокуратурасына ауыстыру туралы өтінішхат жіберу керек. Өтінішхатты мен 2016 жылдың сәуір айында жібердім. Үшіншіден, ҚР Бас прокуратурасы мен СІМ қытай тарапымен ауыстыру жөнінде бірлесіп жұмыс істеуі керек», – деді адвокат Нұрмағамбетов.
Оның айтуынша, Ақжарқынға қатысты жаза биыл қайта қаралуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024